Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлов дүниеден өтті

Фото: ашық дереккөз

Қазақ халқының шығу тарихын зерттеген көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Оразақ Смағұлов Алматыда 96 жасында дүниеден өтті.

Қаралы хабарды Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Оразақ Смағұлұлы 1930 жылы 1 қазанда Қостанай облысы Меңдіқара ауданына қарасты Ұялысай ауылында дүниеге келген. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш антрополог, отандық антропология ғылымының негізін қалаушы.

Ғалым бүкіл саналы ғұмырын қазақ халқының этногенезін, антропологиялық тарихын және тарихи сабақтастығын зерттеуге арнады. 1958 жылы академик Қаныш Сәтбаевтың қолдауымен аспирантураға қабылданып, 1965 жылы антропология мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

1970 жылы жарық көрген «Население Казахстана от эпохи бронзы до современности» атты іргелі еңбегінде ғалым қазақ жерін төрт мың жыл бұрын мекендеген тайпалар мен қазіргі қазақ халқының антропологиялық ерекшеліктерін салыстыра зерттеді.

Оразақ Смағұлов 30-дан астам ғылыми экспедицияны ұйымдастырып, 300-ден астам ғылыми еңбек жазған. Оның жетекшілігімен төрт ғылым докторы мен үш ғылым кандидаты даярланды. Қызы Айнагүл Смағұловамен бірлесіп, «Происхождение казахского народа» атты еңбек жазды.

Сәйкес жаңалықтар

ҚҚС-ның жаңа мөлшерлемесі туралы ұсыныс Мәжіліске қашан енгізіледі

bairakkz

Әлихан Смайылов Тоқаевқа 2024 жылғы былықтар туралы айтты

bairakkz

Шымкенттің даму динамикасы: Инфрақұрылымдық жаңғыру мен өндірістік әлеует

bairakkz