Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығын кореялық Хан Гаң алды

Әлемдегі ең беделді сыйлықтың иегерлері анықталып жатыр. Осы аптада медицина, химия, физика салалары бойынша иегерлер есімі белгілі болған еді. Бүгін әдебиет саласы бойынша жеңімпаздың аты белгілі болды. Оның иегері – 1970 жылы дүниеге келген Оңтүстік Кореялық жазушы Хан Гаң.

Швед әдебиет академиясы оның шығармашылығына не үшін айтулы сыйлықтың берілген былай деп түсіндірген: «Адам өмірінің нәзік қырларын ашу арқылы тарихи жарақаттарға қарсы тұруға үндейтін қанық та поэтикалық прозасы үшін» Хан Гаң лайық болыпты.

Хан Гаң әлемдік сыйлықтардың біразын алған. 2016 жылы «Ветериан әйел» романы үшін Букер сыйлығын иеленген. Бұл шығармасында жеке тұлғаның қоғамдағы орны, жалғыздық пен тіл үшін күрес, сексуалды өмір және зорлық-зомбылықты арқау еткен.

Хан Ган 1970 жылы дүниеге келген. Әкесі мен ағасы да Кореяға белгілі жазушылар. 1980 жылы ол отбасымен Сеулге көшіп келген. Қазір Корея астанасында Сеул әдебиет институтында сабақ береді.

1995 жылдан бастап шығармашылықпен айналысқан. Бастабында поэзия жазған ол кейіннен прозаға ден қойған.

Марапаттау рәсімі 10 желтоқсанда өтеді.Осы сыйлық үшін оған 1,1 миллион доллар беріледі.

Сәйкес жаңалықтар

БИАТЛОН: КІМДЕР ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ?

bairakkz

Ақтөбеде тікұшақ апатынан қаза тапқан адамның есімі жарияланды

bairakkz

Спорт алаңы ашылды

bairakkz