Қазақстанда АЭС құрылысының орны ресми түрде бекітілді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды bairak.kz.
«Атом электр станциясы» ядролық қондырғысының құрылысы туралы» қаулы 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданды.
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына және 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын.
-
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген құжатта.
Қаулы 25 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.