Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Жаңа Рим Папасы сайланды

Ватикандағы Сикстин капелласында жиналған кардиналдар конклав барысында Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысын сайлады, деп хабарлайды bairak.kz.

Жаңа Рим папасы болып америкалық Роберт Франческо сайланды. Ол Лео ХІV атын алды.

Жаңа Папа сайланғаннан кейін шамамен бір сағат ішінде Әулие Петр алаңына қарайтын балконға шықты.

Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысы таңдалғаны туралы жаңалықты Әулие Петр алаңында жиналған мыңдаған адам қуанышпен қарсы алды.

Понтифик өз сөзінде адамдарды «біртұтас халық болуға» үндеп, Папа Францисктің өмірінің соңғы күндеріндегі әлсіз үні адамзаттың жүрегеніе жеткенін атап өтті.

Роберт Фрэнсис Прево — американо-перуандық куриалдық кардинал, августин орденінің өкілі. Ол 2001 жылғы 14 қыркүйектен 2013 жылғы 4 қыркүйекке дейін Августин орденінің Бас шебері қызметін атқарған.

Оның ресми таққа отыру рәсімі сайлаудан бірнеше күннен кейін өтеді.

 

Сәйкес жаңалықтар

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионы болды

bairakkz

Қырғызстанда мемлекеттік әнұран қайта жазылады

bairakkz

Тоқаевты Мажарстан сән-салтанатпен қарсы алды

bairakkz