Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Айгүл Иманбаева күйеуімен болған әңгімені жайып салды

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева көпшілікке жолдасы екеуінің басынан өткен қызықты оқиғаны бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Айгүл Иманбаева аталған жағдайдан кейін өзін шын мәнінде нәзік жанды екенін толығымен сезінгенін айтты. Өнер иесі жолдасының сөздерінен кейін ойланып қалғанын айтты.

«Осы жасыма келгенде ғана өзімнің затым әйел екенін, нәзік жанды екенімді сезіндім. Күйеуім екеуміздің бір оқиғамызды айтып берейін.

Бірде Лос-Анджелесте үйден шығып, тамақ алайық деп дүкенге бардық. Ол жерден көп азық-түлік алып, көліктің артына тиеп үйге келеміз. Сосын артындағы барлық затты қолыма алып, үйге кірейін деп жатсам күйеуім:

«Неге мына ауыр заттың барлығын көтеріп жүрсің? Бұл сенің жұмысың ба? Бұл менің жұмысым. Сенің жұмысың – маған энергия беру, маған еркелеу, күн сияқты жарқырап, жайнап, қасымда нәзік күйіңде жүру» деп айтқаны бар. Сол кезде бірінші рет өзім де ойланып қалдым. Нәзік жанды әйел екенімді ұқтым. Өмірімде бірінше рет күйеуімнің иығына басымды қойып, ерекелей алдым. Қыздар, күйеулеріңізге еркелей беріңіздер. Еркелесе ғана Есілдің мұзын ерітуге болады», – деді Иманбаева.

Сәйкес жаңалықтар

Жапонияның жаңа премьер-министрі сайланды

bairakkz

Қазақстан Бокс Федерациясы Кубогының жартылай финалистері анықталды

Ришат

Жан Кособуцкий кәсіпқой рингте алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Ришат