Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақСараптама

Аймақтық балалар омбудсмендері қандай жұмыстар атқарады

Аймақтық балалар омбудсмендері қандай жұмыстар атқарады

Білім министрлігі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілінің қызмет қағидаларын әзірледі.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі (Өңірлік балалар омбудсмені) – Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын өкілі, оған тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі функциялар жүктеледі.

Өңірлік балалар омбудсмені қызметінің негізгі қағидаттары — заңдылық, тәуелсіздік, балаларға қолжетімділік, баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың басымдылығы, объективтілік, ашықтық.

Өңірлік балалар омбудсмені Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің келісімі бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің өкімімен тағайындалады және босатылады.

Өңірлік балалар омбудсменінің қызмет тәртібі:

  • өз жұмысын күнтізбелік жылға бекітілген жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырады;
  • баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты жолданымдарды және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;
  • баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз іске асырылуына және олар бұзылған жағдайда қалпына келтірілуіне жәрдем көрсетеді;
  • жергілікті атқарушы органдарға және білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің ұйымдарына кедергісіз, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ұсталатын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кіреді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте балалардың құқықтарымен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық институттардың құжаттарына сұрау салу бойынша қол жеткізеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен баланың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру мақсатында жабық сот отырыстарын қоса алғанда, сот процестеріне қатысады;
  • бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумдар, келісімдер жасасады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда баланың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру мақсатында жабық сот отырыстарын қоса алғанда, сот процестеріне қатысады;
  • бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумдар, келісімдер жасасады;
  • мемлекеттік органдар мен ұйымдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдарға өз бастамасы бойынша немесе келісім бойынша қатысады;
  • жарты жылдық негізде брифингтер өткізеді, онда балалардың құқықтарын қорғау саласында, оның ішінде резонанстық жағдайлар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы халықты хабардар етеді;
  • баланың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері мәселелеріне арналған іс-шараларға қатысады;
  • балалардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына мониторинг жүргізеді;
  • мемлекеттік құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өтініштерді қарау үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;
  • Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындайды.

Өңірлік балалар омбудсмені өз қызметінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен және оның өңірдегі өкілдерімен, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетімен (Комитет), жергілікті атқарушы органдармен, құқық қорғау мемлекеттік органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өзге де ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

Өңірлік балалар омбудсмені балалардың құқықтарын қорғаудың барлық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және Комитетпен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасайды, өз құзыреті шеңберінде оларға Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлейді және енгізеді.

Балалар құқықтарының бұзылуы туралы ақпарат алған сәттен бастап Өңірлік балалар омбудсмені:

  • бала құқықтарының бұзылуы туралы ақпаратты жедел байланыс (мобильді немесе электрондық) арқылы Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің, Комитеттің және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің назарына дереу жеткізеді;
  • хабарламаның әрбір фактісі бойынша, тіпті ақпарат расталмаған жағдайда да, балалардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдермен, сондай-ақ олардың бала құқықтарын бұзғаны туралы дабыл түскен адамдармен профилактикалық әңгімелер жүргізеді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықты түсіндіреді;
  • баламен бірге тұратын ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер тарапынан бала құқықтарының бұзылуы туралы хабарлаудың әрбір фактісі бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қорғаншылық және қамқоршылыққа алу органдарына және құқық қорғау органдарына дереу хабарлайды;
  • тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жауапты мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен байланыс орнатады және алынған ақпаратты береді.

Ішкі істер органдарында кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу фактілері расталғаннан кейін Өңірлік балалар омбудсмені:

  • бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қабылдап жатқан шаралары туралы дереу хабарлайды, балаға көмек көрсетуге тікелей қатысады;
  • қажет болған жағдайда баланың, оның ата-анасының немесе заңды өкілдерінің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
  • білім беру ұйымымен бірлесіп жағдайды кешенді бағалауды, баланың құқықтары мен міндеттері туралы құқықтық консультацияны, әлеуметтік оңалту бойынша жеке жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтитын психологиялық қолдауды ұйымдастырады.
  • жұмыс кездесулерін өткізеді, жедел ақпарат алмасуды жүзеге асырады, бірлескен жоспарлар әзірлейді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік органдары өкілдерінен жұмыс топтарын құрады;
  • бала құқықтарын қозғайтын мәселелер бойынша ұйымдар мен лауазымды адамдар жүргізетін тексерулерге қатысады;
  • баланың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған ұсынымдарды тиісті мемлекеттік органға және/немесе лауазымды тұлғаға жібереді;
  • Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия шешім қабылдағанға дейін баланың бастапқы қажеттіліктерін қамтамасыз етілетін медициналық ұйымдарға немесе балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзАймақтық балалар омбудсмендері қалай жұмыс істейдіеге асыратын ұйымдарға (Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, Балаларды қолдау орталықтары, Дағдарыс орталықтары) орналастыру жолымен бала үшін қауіпсіз жағдайлар жасау жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды ұйымдастырады, сондай-ақ жәбірленушіні баланы күдіктіден ішкі істер органдарына бөлек жеткізуді қамтамасыз етіледі.

Өңірлік балалар омбудсмені бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде расталған және сапалы ақпаратты орналастырады.

Құжат жария талқылау үшін «Ашық НҚА» сайттында 6 маусымға дейін орналастырылған.

Сәйкес жаңалықтар

Перзентханадағы аналар да өз таңдауын жасады

bairakkz

Шымкентте жалған бренд заттарын сатқан алаяқтар ұсталды

bairakkz

«Таза Қазақстан» акциясына 220 мыңнан астам жетісулық қатысты

bairakkz