Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Ақсуаттағы спорт фестивалінде халық Ринат Зайытовке су жаңа автокөлік мінгізді

Абай облысы Ақсуат ауданында ұлттық спорт түрлерінен «Асыл бесік – Ақсуат» атты фестиваль өткен болатын. Шара аяқталғаннан кейін жергілікті халық белгілі айтыскер-ақын, осы өңірден Мәжіліске депутат болып сайланған Ринат Зайытовқа су жаңа автокөлік мінгізді.

Бұл туралы белгілі меценат Дулат Тастекей әлеуметтік желіде жазды. Артынша желі қолданушылары Ринаттың көлік алғандағы қуанышты сәті бейнеленген видеороликтерді жариялады. Онда қуанышы қойнына сыймаған ақынның халыққа үстіндегі костюмін шешіп бергенін аңғаруға болады.

Айта кетейік, Ақсуаттағы спорт және өнер фестивалі аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Атап айтқанда, қазақ күресінен балуандар белдессе, көкпар, аламан бәйге сынды спорт түрлері де мыңдаған адамды жинады.

Ал, әлеуметтік желі қолданушылары болса Ринат Зайытовтың депутат ретінде сыйлық алуға құқы жоқ екенін жазуда. Мәжіліс депутаты кез келген сыйлықты 7 күн ішінде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөліміне тапсыру қажет деп жазып жатыр әлеуметтік желіде.

Сәйкес жаңалықтар

КӨШ БАСЫНДА – «АСТАНА»

bairakkz

АРМАН АШИМОВ ПЕН КРИСТИАН ГОРСИЯ САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІНЕН ӨТТІ

bairakkz

ҚЫЗЫМЫЗ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР

bairakkz

Пікір жазу