Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚоғам

Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Өзбекстаннан елге экстрадицияланды

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, халықаралық іздеуде болған Тимур Сәдуақасов Өзбекстаннан елге жеткізілді, деп хабарлайды bairak.kz.

25 ақпанда Түркістан облысындағы «Қапланбек» шекара бақылау-өткізу пунктінде ол Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлеріне тапсырылып, кейін Шымкент қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Жақын арада ол Павлодар қаласындағы тергеу изоляторына жеткізіледі.

Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелегені үшін күдікке ілінген.

Ол Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өту кезінде ұсталды.

Сәйкес жаңалықтар

«Проблемаңды ешкімге айтпа». Сәкен Майғазиев оқырмандарына кеңес айтты

bairakkz

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды тәркілеу жұмыстары жалғасуда

bairakkz

Бекболат Тілеуханды тағы да сотқа берді

bairakkz