Ақтөбе облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды, деп хабарлайды bairak.kz.
Белгілі болғандай, өңірдегі Хромтау ауданында жергілікті маңызы бар автожолда ішінде адамдары бар екі «Газель» автокөлігі қар құрсауында қалған.
Төтенше жағдай қызметкерлеріне үлкен рахметімізді айтамыз. Жаңа біз бала-шағамызбен барлығымыз тоңып қалғанда, шақырғанда келіп, міне жылыту орындарына алып келді. Үлкен рахмет, — деді құтқарылған тұрғын.
Құтқарушылар 11 адамды, оның iшiнде бес баланы Хромтау қаласындағы «Далэс» кемпингiне жеткiздi. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.