Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

БАТЫРҒА ҚҰРМЕТ

                     

         Талдықорғандағы «Жастар» спорт кешенінде «Халық Қаһарманы», генерал Бақытжан Ертаевтың, Екінші дүниежүзілік және Ауған соғысы ардагерлерінің жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир жалауын желбіретті. Оған облысымыздың түкпір-түкпірінен келген 10 команда 100-ге жуық былғары қолғап шеберлері қатысуда.

Шара ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаевтың алғысөзімен ашылды. – Құрметті қауым, баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ел іргесі биік, заманымыз тыныш болсын. Қазақстанның ертеңгі тізгінін ұстайтын, болашақтың иесі – жастарымыз аман болсын дей келе, – жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Келесі сөз кезегін алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, Талдықорған әскери гарнизонының бастығы, подполкозник Жанат Ермұханов өскелең ұрпақ Бақытжан ағамыз сияқты батыр болсын деген ақ тілегін білдірді.

Облысымыздың мықтылары жиналған дәстүрлі спорт додасы тартысты басталды. Алғашқы жарыс күнінде 42 келі салмақ дәрежесіндегі боксшылар жұдырықтасты. Жарыс жеңімпаздары 14 желтоқсан күні анықталады.

Айдар ҚАЛИЕВ

Сәйкес жаңалықтар

Арман Оспанов АСВ 77 турнирінде жекпе-жекке шығады

Ришат

На избирательном участке №45 в городе Учарал организована «BAUYRSAQ PARTY», избирательные комиссии встречают избирателей в национальной одежде по случаю мартовского праздника, раздают избирателям 5000 бубликов.

bairakkz

Әр адамның дауысы маңызды

bairakkz

Пікір жазу