Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпиондары анықталды

Ақтөбеде дзюдодан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер 48, 52 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде, ал ерлер 60, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың марапаттау шарасына Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев,  Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов, Халықаралық Дзюдо федерациясының коммерциялық ынтымақтастық және серіктестікті дамыту жөніндегі комиссия мүшесі Алмаз Әлсенов, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов және Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев қатысты.

Биыл Қазақстан чемпионаты шетелдік мамандардың қатысуымен өтіп жатыр. Жарыстың әділ әрі жоғары дәрежеде өтуіне
Халықаралық дәрежедегі төрешілер Владимир Остряков, Евгений Рахлин мен Владимир Мутсубидзе бақылаушы төреші қызметін атқаруда.

Алғашқы жарыс күнінде жеңіс тұғырына көтерілген спортшылар келесідей:

Қыздар:
-48 кг
1. Диана Буркеева (Жетісу облысы)
2. Сабина Юлдашбекова (Шымкент)
3.Зарина Хуснадин (Алматы)
3. Аружан Данайбек (Жамбыл облысы)
-52 кг
1. Толғанай Әбеуова (Ақмола облысы)
2. Аружан Ережепов (Алматы облысы)
3. Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы)
3. Шара Шугаева (Алматы)

Ерлер:
-60 кг

1. Нұрәділ Әлжан (Қостанай облысы)
2. Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)
3. Нұргелді Қанат (Маңғыстау облысы)
3. Алдияр Қарғұлов (Қарағанды облысы)

-66 кг
1. Ержан Еренқайыпов (Астана)
2. Ердаулет Бозжа (Қызылорда облысы)
3. Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)
3. Мирас Жонысов (Ақтөбе облысы)

Айта кетерлігі, байрақты бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің 17 облысынан барлығы 510 татами шебері қатысып жатыр. Қазақстан чемпионаты 18 қарашаға дейін жалғасады.
Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы спорт маусымына дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасы жасақталады.

Сәйкес жаңалықтар

Сайлау біз үшін мереке.

bairakkz

Мектептер үшін бірыңғай тамақ стандарты қабылданады

bairakkz

ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

bairakkz