Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Ақтөбеде сержант сарбазды кітаппен ұрып, саңырау еткен

Ақтөбеде сержант мерзімді әскери қызметкерді есту қабілетінен айырғаны үшін 1 жылға сотталды, деп хабарлайды bairak.kz.

Оқиға өткен жазда Ақтөбе облысындағы әскери бөлімдердің бірінде болған. Сержант сарбаздың насыбай шайнап жатқанын байқап, келесі күні оны «тәрбиелеуге» шешім қабылдаған. Ол сарбазды әртүрлі дене жаттығуларын орындауға мәжбүрлеп, кейін куәгерлердің көзінше сарбаздың бетінен кітаппен ұрған.

Соққының қатты болғаны соншалық, жәбірленуші есту қабілетінен айырылған. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде оның сол жақ құлақ қалқаны жыртылғаны, бұл жарақаттың есту нервінің жедел невритіне және есту қабілетінің толық жоғалуына әкелгені анықталды.

Осы жағдайға байланысты Ақтөбе гарнизондық соты 22 жастағы сержантты сарбаздың денсаулығына орташа деңгейде зиян келтіргені үшін 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Сонымен қатар, сотталған азамат жәбірленушіге 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сәйкес жаңалықтар

Қолөнерші отбасы дауыс берді

bairakkz

Журналист «Қазспорт» комментаторларын сынап тастады

Ришат

Сайлаушыларға арнап концерт ұйымдастыруда

bairakkz