Илон Масктың компаниясы үшінші адамның миына чип салды, деп хабарлайды bairak.kz NDTV-ге сілтеме жасай отырып.
Neuralink компаниясы ми интерфейсіне арналған чипті үшінші науқастың басына салды. Масктың сөзінше, 2025 жылы дәл осындай чиптер 20-30 адамның миына салынбақ.
«Neuralink-ті үшінші адамға имплантацияладық. Қазір бәрі жақсы жұмыс істеп тұр», — дейді ол.
Neuralink – белсенді дамып келе жатқан ми имплантын шығаратын стартап компания. Чиптер сал болып қалған, бүйір амиотрофиялық склерозына ұшыраған адамдарды емдеуге көмектеседі. Импалантты бас сүйекке операция жасап, мидың ішіне орналастырады.
Алғашқы имплант 2024 жылы 28 қаңтарда науқас адамға салынған.