Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

«Әлеуметтік әмиян» арқылы тауарлық газға жеңілдік берілмек

Атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмектерін алуға мәртебесі бар азаматтарға «Әлеуметтік әмиян» арқылы тауарлық газға жеңілдік берілмек, деп хабарлайды bairak.kz.

Энергетика министрлігі «QazaqGaz Aimaq» АҚ бірлесе 2024 жылдың желтоқсанында Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік (АӘК) және тұрғын үй көмегін (ТҮК) алатын азаматтарды қолдауға бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асырылатынын хабарлайды.

Жоба аясында аталмыш аймақтарда тұратын АӘК және ТҮК алушы азаматтар eGov Mobile қосымшасының басты бетіндегі «Әлеуметтік әмиян» сервисінде тауарлық газға жеңілдікті пайдалана алады. АӘК және ТҮК мәртебесіне ие азаматтар 1414 нөмірінен тауарлық газға ваучер түріндегі жеңілдік қолжетімді екендігі туралы SMS-хабарлама алады. Ваучерді «Әлеуметтік әмиян» қызметінде белсендіру қажет, — деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Тұтынушыларға қолайлы болуы үшін оларға тұратын мекенжайының есептік шотын көрсетсе жеткілікті. Және де тұтынушыға үй-жай құжатын (жекеменшік/ жалға алынған) өткізудің қажеті жоқ.

Министрліктің мәліметінше, жеңілдік мөлшері газға есептелген соманың 24%-ына дейін жетуі мүмкін. Жеңілдік Шымкент қаласы (631 м3/айына) мен Батыс Қазақстан облысы (833 м3/айына) әкімдіктерімен бекітілген тұтыну газ нормасына сай тұтынылған газ көлеміне берілмек (Тұтыну газ нормасын бекіту барысында сыртқы ауаның орташа айлық температурасы, ғимараттың қуат тиімділігі класы және өзге де көрсеткіштер есепке алынды).

Пилоттық жоба 5 ай бойына жүзеге асырылып, әрі ол цифрландырылуға және өзге өңірлерге қанат жаюға бағытталмақ, — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бастама Президенттің 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы аясында Мемлекет басшысының, мемлекеттік қолдау оған шын мұқтаж жандарға бағытталуы маңызды деп атап көрсеткен тапсырмасына сәйкес орындалуда.

Толыққанды ақпарат пен бейне-нұсқаулықты сенім желісінде (5169 қысқа нөмірі), WhatsApp немесе Telegram арқылы +7 771 546-83-90 нөмірі бойынша немесе aimaq.kz сайтынан алуға болады.

Сәйкес жаңалықтар

Динара Сәтжан алаяқтың құрбаны болғанын айтты

bairakkz

Шоттардың жаппай бұғатталуы: комитет мән-жайды түсіндірді

bairakkz

Қуғын-сүргін құрбандарына құран бағышталды

bairakkz