Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Әлеуметтік қызметкерлер енді біліктілігін арттыру курстарынан өтеді

Әлеуметтік қызмет саласының мамандары біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбекмині Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе біліктілік курсын өткізетінін айтты.

Министрдің айтуынша, елімізде әлеуметтік қызметкердің көбінің тиісті білімі және біліктілігі жоқ.

«Елімізде әлеуметтік қызметкерлердің тиісті біліктілігі жоқ. Салада мамандығы басқа адамдар жұмыс істейді. Енді министрлік олардың біліктілігін көтереді. Әлеуметтік қызметкерлер бар болғаны 16 мың теңгеден төлеп, біліктілікті арттыру курстарынан өтеді», — деді Жақыпова.

Оның айтуынша, әлеуметтік қызметкер skills.enbek.kz сайтында өзіне ыңғайлы уақытта оқудан өте алады.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда Қарғалы өзенінің түсі өзгеріп кеткен

bairakkz

Трамп АҚШ армиясынан 15 мың трансгендерді қуып шықпақ

bairakkz

Болашағымыз айқын

bairakkz