Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Әлия Назарбаева үшінші күйеуімен де ажырасты

Әлеуметтік желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева ресми түрде күйеуімен ажырасып кеткені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды  bairak.kz.

Nege.Aqsha арнасына экс-президенттің кенже қызы Әлия Назарбаева күйеуі Димаш Досановпен соттасқаны туралы ресми мәлімет түскен.

«Ерлі-зайыпты ажырасып, Досанов бұрынғы әйеліне кетті деген қауесет былтыр пайда болды. Дереккөздеріміздің мәліметтері бойынша ерлі-зайыпты ажырасуға және ортақ балаларының тұрғылықты жерін анықтауға өтініш берді. Сот шешімі 2024 жылы қарашада заңды күшіне енді. БАҚ мәліметінше, Әлия Назарбаева үш рет тұрмыста болған», — деп жазды арна.

Басылымның дерегінше, соттың шешімі 2024 жылдың қараша айында заңды күшіне енген. Себебі жұп ажырасуға арыз берген және ортақ балаларының тұратын жерін анықтаған. Алайда басылым сот кабинетінде ажырасу туралы растау таппаған.

Айта кетейік, Әлия Назарбаева бұрын Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтің ұлы Айдар Акаевпен (2020 жылы қайтыс болды) және футболшы, бизнесмен әрі «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының басқарма мүшесі Данияр Хасеновпен тұрмыс құрған.

Димаш Досанов 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т.Рыскулов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Ол АҚШ-тың Джорджтаун университетінен бизнес әкімшілігі (MBA) магистрі дәрежесіне ие.

Сәйкес жаңалықтар

Конфедерация кубогы: Шымкентте «С» тобының сайыстары өтті(фото)

Ришат

ЕЛДІҢ БАТАСЫН АРҚАЛАҒА ЕГІЗ ҚЫЗ ДАУЫС БЕРДІ

bairakkz

Жетісудың сайлаудағы бейнесі

bairakkz