Алматыдағы метрода бір адам рельске құлап, мерт болды. Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды bairak.kz.
«Абай» бекеті құқық қорғау органдарының тергеуі аяқталғанша жабылды. Метрополитен қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, дегенмен полиция қызметкерлерінің тексеруі аяқталғанша Абай стансасына кіру уақытша жабылып, пойыздар көрсетілген станцияға уақытша тоқтамайды», — делінген хабарламада.
Еске салайық, Желіде Алматы метросында ондаған адамның вагондарды тербетіп жатқаны бейнеленген видео тарады. «Абай» метро станциясында адамдар рельске құлап кеткен ер адамды құтқармақ болған. Өкінішке қарай, ол көз жұмды.
Бұл деректі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері растады.
«Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға салдарынан 26 жастағы зағип жігіт көз жұмды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», — Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.