Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Таразда экс-полицейді азаптап өлтірген

Таразда «Жеңіс» саябағында басы жаншылып, шынтағы кесілген ер адамның мәйіті табылды деп хабарлайды bairak.kz.

Марқұм ер адамның денесін саябақтың маңынан өтіп бара жатқан келіншек көріп қалып, полицияға хабарласқан. Ер адамның басы жаншылып, шынтағы кесіп алынған. Қазіргі таңда полиция істі тергеп жатыр.

Полиция Тараз қаласының бір ықшамауданында ер адамның мәйіті табылуына байланысты «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қайтыс болған адамның жеке басы анықталды, – деп мәлімдеді полиция басқармасы.

Сонымен қатар, күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Одан бөлек марқұмның кейбір туыстарының айтуынша, ер адам бұрынғы полиция қызметкері болып істеген.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі

 

Сәйкес жаңалықтар

Шетелдегі қандас талапкерлер үшін оқуға түсу талабы жеңілдетілді

bairakkz

Мас күйде көлік айдап ұсталған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

bairakkz

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төмендеді

bairakkz