Алматы облысында спорт қарыштап дамып келеді. Әсіресе, индорхоккей ойыншыларының бүгінгі жетістігі ұшан-теңіз. Оған дәлел күні кеше Андижан (Өзбекстан) қаласында өткен индорхоккейден жасөспірім ұлдар мен әйелдер арасында халықаралық турнир. Байрақты бәсекеге 10 командада 160 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жасөспірім ұлдар арасында және әйелдер арасында Алматы облысының командасы 1 орынды иеленді.
Айта кетейік, 2011 жылы Талдықорғанда құрылған «Бесарыс» клубы Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін чемпиондары. Бұл үлкен жетістік. Сондай-ақ, Республика бойынша бірінші болып көгалдағы хоккей ойнайтын алаң біздің өңірімізде Қазақстан Республикасының көгалдағы және индорхоккей федерациясының президенті, Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетовтің басшылығымен бой көтерген болатын. Қазірде бұл алаңда 300-ге жуық ер және қыз бала жаттығады.