Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Аймақ

Алматыда атаусыз көшелердің саны азайып жатыр – депутат

Алматыда Гагарин даңғылының Тимирязев көшесінен әл-Фарабиге дейінгі бөлігінің атауы өзгереді. Осыған қатысты белгілі кәсіпкер, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Дулат Тастекей пікір білдірді.

«Бүгін мен Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясына қатыстым. Сессия барысында талқыланған маңызды мәселелердің бірі – қала көшелеріне жаңа атаулар беру.Атап айтсақ, Ю. К. Тимирязев көшесі мен Ю. Гагарин атындағы даңғылдың бір бөлігі Ермек Серкебаевтың есімімен, ал Әуезов ауданындағы Юбилейная көшесі Владимир Толоконниковтың есімімен аталады. Тағы бір жағымды жаңалық – Алматыда атаусыз көшелердің саны азаюда. Бостандық және Түрксіб аудандарындағы екі көшеге Ескендір Хасанғалиев пен Юрий Померанцев есімдері берілді», — дейді Дулат Тастекей.

 

Ол сонымен қатар «Алматы қаласы әкімдігінің персоналды құрамын бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 9 желтоқсандағы №199 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесін талқылағанын айтты.

«Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес мәслихаттың 2020 жылғы 9 қазандағы «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін арттыру туралы» №489 бұйрығының күшін жою туралы шешім қабылдадық. Дегенмен, жер ресурстарын тиімсіз пайдаланатын азаматтар үшін жер салығының мөлшері 20 есеге артады. Бұл жерді жұмыс жасамай өз иелігінде сақтап, жер ресурстарын өз мақсаты бойынша пайдаланбайтын жандардың санын азайтуға бағытталған шешім. Жер — біздің ортақ байлығымыз. Сондықтан жер ресурстарын дұрыс игеріп, тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет», — дейді қалалық мәслихат депутаты.

Айта кетейік, Алматы қалалық мәслихатының жабық отырысы кезінде Алматыдағы кейбір көшелердің атын өзгерту мәселесі көтерілді.

Сәйкес жаңалықтар

Ақтөбеде тікұшақ апатынан қаза тапқан адамның есімі жарияланды

bairakkz

Каспий жағалауынан табылған итбалық өлексесі 734-ке жетті

bairakkz

Депутаттар Балқаш көліне апаратын жолдың жаңғырту жұмыстарымен танысты

bairakkz