Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Аймақ

Алматыда қауіпсіздік күшейтіледі

Алматыда жыл соңына дейін 50 мың бейнебақылау камерасын бірыңғай бейнебақылау жүйесіне (ББЖ) қосу жоспарланған.

Қазір жүйеге 209 жеке және 613 мемлекеттік нысандардағы 45 мың камера қосылған, ал 2025 жылға қарай олардың саны 70 мыңға жетеді.

Жолдағы қауіпсіздікті арттыру үшін «Сергек» кешенінің 300 камерасы орнатылып, қаладағы осындай кешендердің жалпы саны 1 641-ге жетті.

Сонымен қатар, «Кешенді қауіпсіздік жүйесі» жобасы аясында жыл соңына дейін 71 денсаулық сақтау нысанында да қауіпсіздік шаралары іске асырылады. Бұл шаралар Алматыдағы қауіпсіздік деңгейін арттырып, қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтуге бағытталған.

Сәйкес жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп бухгалтері 238 млн теңге ақша ұрлаған

bairakkz

«Бұдан қорқудың қажеті жоқ». Тоқаев Шымкент әкіміне тапсырма берді

bairakkz

Тараз қаласының аумағы 31 мың гектарға ұлғаяды

bairakkz