Ресейлік депутаттар Владимир Жириновскийдің 80 жылдығына орай Алматыда оның құрметіне ескерткіш ашпақ, деп хабарлайды bairak.kz.
Жириновскийдің 80 жылдығын атап өту туралы жарлыққа Ресей президенті Владимир Путин қол қойған.
Баспада бар құжатқа сәйкес Саранск және Алматы қалаларында саяси қайраткер Владимир Жириновскийге ескерткіш ашылуы мүмкін. Онда саясаткердің туғанына 80 жыл толуына орай іс-шаралар ұйымдастырылып, сәуір-мамыр айларында ескерткіштердің салтанатты ашылуы өтеді, – делінген ТАСС ақпараттық агенттігінде жарияланған мақалада.
Айта кетейік, Владимир Жириновский 2022 жылы 2 ақпанда коронавирус жұқтырып, ауруханаға жеткізілген болатын. Ол бір айдан кейін өмірден өтті. Жириновский 1946 жылы 25 сәуірде Алматыда туған.
Бірақ Алматы қаласы әкімдігі Владимир Жириновскийдің ескерткішін салу туралы ұсыныс түспегенін айтты.
Фото: ИЗВЕСТИЯ/Павел Бедняков