Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

АЛТЫН ЖАУҒАН АЙ БОЛДЫ

                  Талдықорғандағы спорт интернатының оқушылары жыл бастала салысымен түрлі жарыстарға барып, олжамен оралды. Осыған орай өңіріміздегі спорт мектебінде аталмыш сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.

Велоспорт Индонезияның Джакарта қаласында велоспорттан 2002 жылғы жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті.  Бұл сында облысымыздың спортшылары Ақпейіл Осим, Кристина Стужук, Кристина Титовская алтынмен апталды.

Күрес Ақмола облысы Щучинск қаласында спорт интернаттар арасында грек-рим күресінен ел біріншілігі өтті. Дүбірлі дода Даниял Тоқтаған, Ербол Камалиев, Бахтияр Шаймұхамбет, Алихан Далабай, Мерей Маулетханов, Әмір Темірғали, Ұлан Сержанов, Абай Серікқазыұлы, Тұрар Жаманкузов, Семсер Ынтымақ қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды.

Талдықорғанда 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында дзюдодан өткен «Қысқы демалыс» турнирінде Ақжігіт Насыр күміспен күптелсе, Еділ Тұрлыбек, Дилнар Рустамқызы, Ясмин Джугунусова, Ілияс Аладинов, Нұрсұлтан Әбдіғұл қола жүлдені қанжығасына байлады.

Волейбол  Павлодар қаласында 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында волейболдан өткен ел біріншілігінде облысымыздың намысын қорғаған команда тұғырдың екінші сатысынан көрінді.

Талдықорғанда 2001-2002 жылғы жасөспірім қыздар арасында өткен ел біріншілігінде облысымыздың қыздары чемпион атанса, 2002-2003 жылғы волейболшы қыздар күміс күптелді.

Айдар ҚАЛИЕВ

 

Сәйкес жаңалықтар

ЛОЗАННА – 2020: ЖҮЛДЕСІЗ ОЛИМПИАДА

bairakkz

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ

bairakkz

Байдарка және каноэ есуден өткен Азия чемпионатында қазақстандықтар алдына жан салмады

Ришат

Пікір жазу