Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Арабша жазуы бар ту ұстап суретке түскендерге сот үкімі шықты

Атырауда маңдайында араб жазуы бар Қазақстанның жалауымен сұқ саусағын көтеріп суретке түскен төрт қызға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды bairak.kz.

Сот мұны «ұсақ бұзақылық» деп танып, қыздардың біреуін 15 тәулікке қамады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бабына сәйкес, мұндай әрекетке 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған, – дейді Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты.

Бұған дейін сот үкімімен қыздардың бірі 15 тәулікке қамалған еді. Оның жазасын ауырлатқан жайт әлгіндей әрекетке жасөспірімді тартқан және топ болып әрекет етуге мұрындық болған.

Екінші қызға 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды. Үшінші, кәмелет жасына жетпеген қыздың ата-анасы да 39 мың теңге айыппұл арқалады. Фотода төртінші қыздың қандай жаза алғаны белгісіз.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақ күресінен Алматыда республикалық ашық турнир өтеді

Ришат

Нариман Құрбанов: Пәтерге де, көлікке де ақша табамын

bairakkz

Астана әкімдігі ақылы тұрақ компаниясымен келісімді бұзуы мүмкін

bairakkz