Елорда әкімдігі « Парковочное пространство Астаны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшартты бұзады. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
Әкімнің айтуынша, автотұрақ мәселесі әкімдіктің көлік басқармасының қатаң бақылауында болуы керек.
Біз одан әрі дамуды көріп тұрған жоқпыз және қаладағы көлік санының көбеюі мен кептелістердің туындауына байланысты мәселелерді шешу жағдайға әсер ететін негізгі факторлардың бірі деп есептейміз. Сондықтан бұл мәселе әкімдіктің көлік басқармасының қатаң бақылауында болуы керек деп есептейміз. Бұл көптеген қалаларда қалыпты тәжірибе және бұл әрекетті жергілікті атқарушы органдар атқарады, — деді әкім.
Болашақта автотұрақтарды жеке компанияларға беру ниеті туралы түсініктеме сұрағанымызда, әкім олар «керісінше қайтарылып жатыр» деп жауап берді.
Айта кетейік, КазТАГ агенттігінің жазуынша, әкімдіктің келісімшартты бұзғалы отырған компаниясы бұрынғы Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбековқа қатысы бар болып шыққан.
Фото: «Астана тұрақ кеңістігі»