Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Asar Baspana қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен осы жылдың 8-10 ақпаны аралығында еліміздің барлық өңірлерінде кең ауқымды операция жүргізді, нәтижесінде тұтыну кооперативінің атын жамылған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды bairak.kz.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30%-ына дейін пайда табуға уәде берген.

Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді.

Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды, — делінген ақпаратта.

Сәйкес жаңалықтар

На избирательном участке №45 в городе Учарал организована «BAUYRSAQ PARTY», избирательные комиссии встречают избирателей в национальной одежде по случаю мартовского праздника, раздают избирателям 5000 бубликов.

bairakkz

Қазан айында Конфедерация Кубогы өтеді

Ришат

Елімізде «декретке миллионмен» шыққан 113 ана сотталуы мүмкін

bairakkz