Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Астанада IWF Халықаралық допингке қарсы конференциясы өтеді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының(IWF) бастамасымен және ҚР Ауыр атлетика федерациясының көмегімен 13-қараша күні Астанада IWF Халықаралық допингке қарсы конференциясы өтеді.

Аталмыш шараға IWF Президенті Тамаш Аян, IWF Бас хатшысы Мохаммед Джалуд, IWF допингіге қарсы комиссияның хатшысы Патрик Шамаш және IWF сарапшылар ортасының өкілдері қатысады деп күтілуде. Халықаралық жарыстардан шеттетілген 9 федерация(Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қытай, Молдавия, Ресей, Түркия және Украина) өкілдеріне конференцияға қатысу міндеттеліп отыр.

Шара шартты түрде екі бөлімнен тұрады. Конференцияның алғашқы сессиясында (сағ. 10.00-13.00) шеттетілудің заңдық кезеңі мен оның мерзімінен бұрын тоқтатылуына арналады және бұл жабық түрде өтеді. Конференцияның екінші сессиясы (сағ. 15.00-16.30) білімдік сипатта өтпек, және ҚР ҰОК өкілдеріне, ұлттық федерациялар мен сарапшы мамандарға және журналистерге ашық болады.

Конференциядан кейін, сағат 17.00-де Астанадағы IWF Бас хатшысы мен Вице-президентіне арналған кеңсенің салтанатты түрде ашылуы өтеді.

Сәйкес жаңалықтар

Жапонияның жаңа премьер-министрі сайланды

bairakkz

Қазақ ұлттық университеті биыл толағай табыстарға қол жеткізді

bairakkz

Алматыда «100 өлең» республикалық көркемсөз оқу байқауы өтеді

bairakkz