Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Астаналық студенттер екі күн қашықтан оқиды

27-28 қараша күні Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының оқу форматы өзгереді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев мәлім етті.

Төрт жоғары оқу орны қашықтан, екі жоғары оқу орны ішінара қашықтан, екі жоғары оқу орны демалыс (1 триместр), бес жоғары оқу орны дәстүрлі (офлайн) форматта оқиды. Оқу форматына қатысты шешімді жоғары оқу орындары академиялық саясатына сәйкес дербес қабылдайды, — деді министрлік өкілі Олжас Беркінбаев.

Мектеп оқушылары мен колледж студенттері үшін сабақ әдеттегідей форматта өтеді.

Айта кетейік, 28 қарашада елордада ҰҚШҰ саммиті өтеді.

Сәйкес жаңалықтар

«Рұқсатынсыз айта алмаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен қызының жігіті жайлы сөз қозғады

bairakkz

Головкин WBN версиясы бойынша рейтингте көш бастады

Ришат

Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталды

bairakkz