Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

«Асыл домбыра» иегерлері анықталды

Төрт ай бойы «Хабар» арнасынан көрсетілген «Асыл домбыра» тележобасының жеңімпаздары белгілі болды. Финалда Түркістан облысы командасынан басым түскен Жетісу облысының ақындар құрамасы топ жарды. Құрамына Дидар Өмірәлі, Аят Жәнібек, Мирас Шалжанов кірген Жетісу облысы командасына асыл тастармен көмкерілген домбыра мен 6 млн. теңгенің сертификаты табысталды.

Айта кетейік, «Асыл домбыра» жобасына биыл барлық өңірден 16 команда қатысты. Жобада от ауызды, орақ тілді суырып салма 48 ақын сөз жарысын қыздырды.
Бұған дейін аталған тележобада Жамбыл облысы мен БҚО құрамалары топ жарған еді.

Сәйкес жаңалықтар

Зияны көп жұмыс істеген 11 814 азаматқа арнаулы төлем тағайындалды

bairakkz

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

bairakkz

Мақпал Жүнісова туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

bairakkz