Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

«Атақтарың дардай, ұят емес па?!»: Мақпал Жүнісова Мейрамбек пен Сәкенге ұрысты

Халық әртісі Мақпал Жүнісова халықтың ықыласына бөленген «Музарт» тобының тозығы жеткен студиясын сынады, деп хабарлайды bairak.kz.

Әнші Instagram парақшасындағы сторисінде «Музарт» тобының ән жазатын студиясы тозып кеткенін айтты.

Құрметті, Музарттың атақты жігіттері! Мейрамбек Беспаев, Кенжебек Жанабілов, Сәкен Майғазиев! Студияларыңыз өте тозған, баспалдақтан құлап қала жаздадым. Қабырғалары тесік-тесік, ауа да жоқ, өте нашар студия. Сіздер өз үйлеріңізді ғана емес, халық келетін, әншілер келетін мына студияларыңызды да тездетіп жөндеңіздер. Атақтарың дардай, ұят емес пе?! Өздерің осындай үйде тұрмас едіңдер! Біз ән жазып кеттік, бірақ сіздер үшін ұялып тұрмын, – деді Мақпал Жүнісова.

Әнші кейін жазбасын алып тастағанын айтқан.

Біраз адамдар балағаттап жазған соң алып тастадым. Өзім құрметтейтін бауырларым ғой. «Жаңа студияны күтеміз» деп жазғанда алмас едім. Олардың да дұшпандары баршылық екен, — деп жазды Халық әртісі.

Фото: Paryz.kz.

Сәйкес жаңалықтар

ҚҰМАЙ ТАЗЫ – ТҮЗ ЫРЫСЫ!

bairakkz

Қазақстанда полиция қызметтің күшейтілген нұсқасына ауысты

bairakkz

«Железный человек» из Жетысу сделал свой выбор

bairakkz