Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Атырауда картопты үш келіден артық сатқызбай жатыр

Атырауда картоп тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан тұрғындарға үш келіден артық сатылмайды, дхабарлайды bairak.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Мұндай шектеу қаладағы коммуналдық базарларда қойылған. Өйткені тұрақтандыру қорында небәрі 200 тонна картоп қалған. Оның келісі сауда нүктелерінде 180 теңгеден сатылып жатыр.  Оны делдалдар қапшықтап алып, үстеме ақы қосып саудалап жатыр, -дейді әкімдіктегілер.

 

Сондықтан «әр адамға үш келіден артық сатуға болмайды» деген шектеу қоюға тура келген. Қазір тұрақтандыру қорындағы көкөніс бірер айға ғана жетеді деп жоспарланып отыр. Сондықтан жергілікті шаруалармен келісімшарт жасасып, қосымша картоп сатып алу жоспарланды.   

Үш келіден шектеу қойылды. Өткені тұтынушылар арзан бағаға сатып алып, әрі қарай жоғары бағамен сатып жатыр. Онымен қоса кейбір тұтынушылар қапшықпен де алады. Сол үшін осындай шектеу қойылды, — «Атырау» ӘКК АҚ азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Қайсар Құрманәлиев.

Фото: Pixabay.com

Сәйкес жаңалықтар

Бүгін Әбіш Кекілбайұлының туғанына 85 жыл

bairakkz

ДӘРІГЕРЛЕР ЖАРЫСТЫ

bairakkz

Шәміл Әбілтаев: Назарбаевқа күй арнағаным бекер болды

bairakkz