Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

«АУЫЛЫН ӘЛЕМГЕ ТАНЫТАДЫ»: ТАСТӨБЕДЕ КҮРЕС ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Қазіргі таңда ауыл спортына көп көңіл бөлініп келеді. Алматы облысы Тастөбе ауылында былтыр жазда ауыл балаларына арналған шағын футбол алаңы іске қосылса, биыл грек-рим күресінің үйірмесі ашылды. 

Ауыл жастары үшін жасалып жатқан осынау игілік ауылдық әкімі Алмас Байғонысовтың бастамасымен іске асып отырғанын айта кеткен абзал. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаевтің қолдауымен грек-рим күресіне қажетті жаттығу кілемі алынды. Ауыл балаларын білікті бапкер Болат Молдақасымов баптамақ. Күрестің қыр-сырына үйрететін бапкер тұрғын үймен де қамтамасыз етілді. Қазірдің өзінде 50-ге жуық ауыл баласы күреске жазылып, алғашқы дайындықтарын бастап кетті.

Көпшілік қуанышына ортақтасқан аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қасымов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев күрес залының ашылуымен құттықтап, болашақта  ауыл жастарынан еліміздің көк байрағын дүбірлі додаларда желбірететін әлемге танымал мықты спортшы шығарына сенім білдіріп, салтанатты жағдайда лента кесу рәсімін жасады. Ауыл жұртшылығы жастардың саламаты өмір салтын ұстанып, спортқа деген құлшынысы арта түсетінін айтады.

 

А. ӨМІРБАЕВ

Сәйкес жаңалықтар

Өлімнен аман қалып, жүлдегер атанды

bairakkz

ФУТБОЛДАН БРАЗИЛИЯҒА ЖЕҢІЛМЕГЕН ЖАЛҒЫЗ КОМАНДА

bairakkz

Маунтинбайктан Азия чемпионы Алина Сарқұлова өз таңдауын жасады

bairakkz

Пікір жазу