Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Азия ойындары: Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Қытайды жеңді

Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Қытайда өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында маңызды жеңіске жетті, bairak.kz.

А тобының екінші ойынында қазақстандық қыздар жарыс қожайыны Қытаймен кездесті.

Алғашқы кезеңде, тараптар бір-бірінің осал тұстарын таба алмады. Қытай құрамасы Қазақстан қақпасына 11 рет дәл соққы жасады.

Екінші кезеңде, қытайлық қыздар басымдылықты сақтады. Алайда, Надежда Филимонова командаласы Александра Шегайдың пасын голға айналдырды.

Үшінші кезеңнің 2-минутында Қытай құрамасының ойыншысы Ван Цзясин есепті теңестіріп кетті.

Ойынның 48 минутында, Александра Шегай оңтайлы сәтті қолдан бермей, қарсылас қақпасына жеңіс шайбасын соқты. Қортынды есеп 2:1.

Ертең, Қазақстан қыздар құрамасы А тобындағы үшінші ойында Оңтүстік Кореямен ойнайды.

Фото: olympic.kz

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Сүлейменовке бірқатар тапсырма берді

bairakkz

АБЫЛАЙХАННЫҢ АҚ ЖОЛЫ

bairakkz

Қазақстан азаматтығын алатындарға қазақ тілін білу міндеттелді

bairakkz