Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Конфедерация кубогы: Шымкентте «С» тобының сайыстары өтті(фото)

 

     Шырайлы Шымқалада 2017 жылғы Конфедерация кубогының «С» тобынының командалары өзара сайысқа түсті.

 

     Бұл топта Ақтөбе, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласы бар. Осы топ алғашында «өлім» тобы саналған еді. Мықты спортшылардың көбісі аталған топта өнер көрсетті.

 

     Таеквондодан Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары қарсыластардың ешқайсысына мүмкіндік қалдырмай, жартылай финалдың жолдамасын жеңіп алды.

 

     Ал дзюдошылардан Ақтөбе облысы үздік шықты. Енді олар Алматымен финалдың жолдамсымен сарапқа салады.

 

     Грек-рим күресінен қатысқан 4 команда да  аянып қалған жоқ. Алдымен ОҚО «классиктері» Ақтөбені жеңсе, Астана қаласы Қостанай облысын оңай жеңді. Елорда командасы сапында әлем чемпионатының екі жүлдегері қатысты.

 

     Айта кетейік, Спорттық жекпе—жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы кубогы биылғы жылы осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Былтыр бұл турнирдің финалын Алматы қаласы қабылдаған. Аталған жарысты өткізу туралы идеяның авторы – Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Тимур Құлыбаев. 

1 11 2 3 4 5 6 8 10

Сәйкес жаңалықтар

Талдықорғанда қонақүйден 12 рет пышақталған әйелдің мәйіті табылды

bairakkz

Жұмыс істеуден бас тартқандарға заңды қатаңдату керек – министр

bairakkz

«Железный человек» из Жетысу сделал свой выбор

bairakkz