Қазақстандық танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова сәлем салу дәстүрін сынап тастады, деп хабарлайды bairak.kz.
Ол сәлем салудың үлкендерге құрмет көрсетуге еш қатысы жоқтығын да алға тартты.
Алматыға келгенімде Шымкенттен келген қыздардың үнемі иіліп, сәлем салуы мен үшін өте жабайылық болды. «Не үшін иілесің?» десем, «бұл қалыпты жағдай, солай болуы керек» дейді. Бірі «сыйластықтың белгісі» деді. Кешіріңіздер, мен әкемді құрметтеймін. Атама деген құрметім шексіз. Үлкендерге, ер адамдарға құрметпен қараймын. Бірақ иіліп, сәлем салу деген менде атымен жоқ. Маған оны үйретпеген. Үйрете де алмайды. Бұл – менің таңдауым. Мені әжем еркін өсіріп, тәрбиелеген, деді продюсер.
Ол бұл дәстүр тек оңтүстік өңірлерде барын айтып, тиісінше ол жақтан батыр қыздар шықпағанын да тілге тиек етті.
Әжем «біздің әпкелеріміз ат үстінде жүрген» деп өсірді. Расымен, соғыс кезінде ерлік көрсеткен батыр қыздарымыздың дені Орал мен Ақтөбеден шыққан. Осы күнге дейін Шымкент пен Тараздан батыр қыздың шыққанын естідіңіз бе?! Демек батыстың қыздары еркіндікті жақсы көреді. Дәл осы жақта туып-өскеніме қатты қуанамын, деп қосты Баян Мақсатқызы.
Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy