Telegram желісіндегі танымал журналист Михаил Козачков салықтан берешегі бар блогерлердің тізімін желіде жариялады, деп хабарлайды bairak.kz.
Бүгін блогерлерге салықтың қосымша есептелуі туралы жазбаны бөлістім – 53 миллиард теңгеден астам қаражат туралы айтылған. Бұл сан қалай пайда болғанын нақты түсінбедім, Мемлекеттік кірістер комитеті қандай да бір есептеулер жүргізген, — дейді Михаил Козачков.
Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір блогерлер табысын жасырып, салықтан жалтарып жүргенін бүгін мәлім еткен еді.
«Бақылау шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік кіріс органдары уәкілетті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.Түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді ұсынылған салық декларацияларының мәліметтерімен салыстыру қорытындысы бойынша 594 тұлғаларға 53,3 миллиард теңгеге сәйкессіздіктер белгіленді, — делінген ақпаратта.
Фото: facebook.com/beibit.alibekov