Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Бір қолға 5 келіден аспауы тиіс: Астанада картопқа шектеу қойылды

Астанада танымал сауда желісінің супермаркеттерінде картоп сатылымына шектеу қойылды, деп хабарлайды Bairak.kz.

Қаланың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарлауынша,  Астанада картоптың тұрақты бағасын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған.

Өнім сауда желілерінің және базарлардың сөрелерінде жеткілікті көлемде ұсынылған және қоры уақытында толықтырылып отырады. Өнімді көтерме сатып алып, кейінірек дүкендерде қайта сатудың алдын алу мақсатында Small және Spar сауда желілерінің нүктелерінде картоп сатылымына уақытша шектеу енгізілді – бір қолға 5 келіден артық емес, – деп жауап берді басқарма.

Сауда министрлігі де елордада және Қазақстан бойынша картоп тапшылығының жоқ екенін растады.

Қазақстан үшінші елдерге картоп экспортын алты айға шектеген еді. Соңғы аптада өндірушілер ұсынған картоп бағасы 170-тен 270 теңгеге дейін өсті. Шектеу ЕАЭО елдеріне әсер етпейді, бірақ экспорт қатаң бақыланады.

Бұған дейін Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев үкімет кулуарында картоптың қымбаттауына қатысты ойын айтып, бағаның 500 теңгеге дейін көтерілу ықтималдығы туралы пікір білдірді.  Кейін Сауда және интеграция министрлігі өкілдері Қазақстанда картоп бағасының төмендегенін хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, көкөністің бір килограмының орташа бағасы – 322 теңге.

Сәйкес жаңалықтар

Сайлау біз үшін мереке.

bairakkz

Келесі жылы зейнетақы және жәрдемақы қаншаға өседі?

bairakkz

Димаш Құдайберген төртінші рет «Халық сүйіктісі» атанды

bairakkz