Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы кибербуллинг және қорлаудың кез келген түріне, соның ішінде ауызша және физикалық қорқытуға, сондай-ақ әлеуметтік оқшаулауға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды bairak.kz.
Кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынады. Әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, оны бөлісу, сондай-ақ біреуді балағаттап, қорлап жазба қалдыру және оған ортақтасып «лайк» басу – күнә іс.Біреудің жеке жазбаларын, суреттерін, бейнежазбаларын шығарамын деп қорқыту, біреудің дінін не мәдениетін кемсіту және т.б. кибербуллингтің түрлеріне тыйым салынады, -делінген ҚМДБ хабарламасында.