Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Президент Италия министрлер кеңесінің төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді, деп хабарлайды bairak.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президент былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті, — делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

ММА-дан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын сәтті бастады

Ришат

Атышулы трансгендер қамауға алынды

bairakkz

Президент Тоқаев Өзбекстанға барды

bairakkz