Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Қарағандыда дропперлікпен айналысқан екі студентке сот үкімі шықты

Фото: GOV.kz

Қарағанды қаласында банк шоттарын үшінші тұлғаларға заңсыз бергені үшін екі студент айыпты деп танылды.

Қазыбек би аудандық прокуратурасының мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы 1-тармағы бойынша екі күдіктінің ісін сотта дәлелдеп шыққан. Тергеу барысында жастардың ақшалай сыйақы үшін өздерінің банк шоттарын бөгде адамдарға бергені анықталды.

Бұл шоттар, әдетте, киберқылмыскерлер мен алаяқтардың ұрланған қаражатты жылыстатуы үшін қолданылады.

Сот отырысы барысында студенттер өз кінәларын толық мойындап, жасаған істеріне өкінетіндерін білдірді. Олардың кінәсі жиналған дәлелдемелер жиынтығымен толық расталды. Екі айыпталушы да кінәлі деп танылып, оларға айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

«Сушидан уланып қайтыс болды». Рамазан Амантайдың әйелі мәлімдеме жасады

bairakkz

Ақтөбеде жалған анықтама сатқан медбике ұсталды

bairakkz

«Болашақ» бағдарламасының түлегі мемлекеттік қызметкерлерге курс өткізді

Ришат