Балқаш қаласында Қараменде би көшесі, 10 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бір кіреберісі опырылып түсті. Оқиға 19 ақпан күні таңғы сағат 08:10 шамасында болған.
Қала әкімдігінің мәліметінше, құлаған бөлік бұған дейін апатты деп танылып, бұзуға жатқызылған және қазіргі уақытта пайдаланылмайтын (тұрғын емес) кіреберіс болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
2025 жылы жүргізілген техникалық сараптама негізінде 5-кіреберіс апатты деп танылып, тұрғындары алдын ала көшірілген. Олардың бір бөлігі баспанамен қамтамасыз етілген.
Қазір ғимарат қоршауға алынып, электр, жылу және су жүйелері ажыратылған. Құрылыс қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, апатты кіреберісті демонтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жұмыстар кезінде үйдегі шамамен 120 отбасы толық эвакуацияланды. Қалған кіреберістерге қосымша техникалық тексеру жүргізіледі. Егер олар қауіпсіз деп танылса, тұрғындар пәтерлеріне қайта оралады. Кейін ғимарат конструкцияларын күшейту бойынша жобалық құжаттама әзірленеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
