иыл қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 наурызда аяқталады. Бұл айда ислам дінінде әрбір мұсылманға ауыз бекіту – парыз амал болып саналады.
Ораза ұстаған адам таңнан күн батқанға дейін ішіп-жеуден ғана емес, сондай-ақ жаман әдеттерден, өсек-аяңнан, ұрыс-керістен, жаман сөзден тыйылып, сабыр сақтауға тиіс.
Рамазан айында ауыз бекітудің өз әдебі мен тәртібі бар. Осыған байланысты сәресі мен ауызашарда оқылатын дұғаларды назарларыңызға ұсынамыз.
Сәресі дұғасы (ниет ету)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы ораза кестесін жариялады. Кестеге сәйкес таң намазы басталған кезде сәресі уақыты аяқталады. ҚМДБ сақтық мақсатында сәресіні 10 минут ертерек жабуға кеңес береді.
Пайғамбар хадисінде:
«Сәресі ішіңдер, өйткені сәресіде береке бар» – делінген.
Ораза ұстау үшін ең алдымен ниет ету қажет. Ниетсіз ораза қабыл болмайды. Рамазан оразасына кештен бастап сәресіге дейін ниет етуге болады.
Ораза ниеті (қазақша)
Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.
Арабша оқылуы
Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә.
Ауызашар дұғасы
Ораза ұстаған адам күн батқан соң аузын ашуға асығуы керек. Алдымен қол жайып дұға жасап, содан кейін ғана ауыз ашқан дұрыс.
Ауызашар дұғасы (қазақша)
Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешір!
Арабша оқылуы
Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту.
Ислам дәстүрінде ауызды құрмамен немесе сумен ашқан абзал.
Ауызашарда оқылатын қысқа дұға
Оқылуы
«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».
Мағынасы
«Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сен берген ризықпен аузымды аштым. Шөл кетті, тамырлар суланды, иншалла, сауабы да жазылды».
Сәресіде айтылатын дұға
Оқылуы
«Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».
Мағынасы
«Таңертеңнен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
Ескерту: дұғаны арабша оқу міндетті емес, қазақ тілінде ниет етіп оқуға болады.
Тарауих намазы және тасбих дұғасы
Рамазан айында құптан намазынан кейін мешіттерде тарауих намазы оқылады. Әр төрт рәкағаттан кейін және соңында арнайы тасбих айтылады.
Тасбих дұғасы
«Субхана зил-мулки уәл-мәләкут. Субхана зил-ъиззәти уәл-ъазамәти уәл-қудрати уәл-кибрийә-и уәл-жәбәрут. Субханәл мәликил хаййил-ләзи лә йәмут. Суббухун құддусун раббуна уә раббул-мәлаикәти уар-рух. Лә иләһә иллаллаһу нәстағфируллаһ нәс-әлукәл жәннәтә уә нәъузу бикә минән-нәр».
Мағынасы
«Барша билік пен құдіреттің Иесі болған Алла кемшіліктен пәк. Мәңгі тірі, өлмейтін Патша Алла кемшіліктен пәк. Уа, Алла, күнәларымызды кешіре гөр! Бізге жұмақты нәсіп етіп, тозақ отынан сақта».
