Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Қостанай облысында қарлы бораннан тоғыз көлік жолдан шығып кетті

Фото: скриншот

Қостанай облысында қалың қар түсіп, бірқатар жолдарда көліктер қар құрсауында қалды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды bairak.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, Қостанай қаласында және Қостанай, Меңдіқара, Фёдоров аудандарында таңертеңнен бері қар аралас жаңбыр жауған. Қысқа дайындықсыз шыққан кейбір жүргізушілер жол апаттарына себеп болуда.

Қостанай – Алматы – Екатеринбург республикалық тас жолында жағдайға ерекше назар аудардық. Таңғы 6:00-ден 10:00-ге дейін жол шетіндегі сайға сырғанап кеткен тоғыз автокөлікті шығаруға тура келді. Мәселен, бір учаскеде Alphard пен Volkswagen көліктерінің жүргізушілері рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Оларға патрульдік полиция қызметкерлері, сонымен қатар қасынан өткен жүк көлігі мен бейжай қарамаған жүргізушілер көмектесті, – делінген хабарламада.

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Азия даму банкінің президентін қабылдады

bairakkz

Мақпал Жүнісова зейнеткерлікке шықты

bairakkz

«МАУНТИНБАЙК»: ҚОРЖЫНДА БІР КҮМІС, БІР ҚОЛА

bairakkz