Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Ақтөбеде жалған анықтама сатқан медбике ұсталды

Фото: instagram.com/polisia_aqtobe/

Ақтөбе облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалған медициналық анықтамалар сатқан медбикені ұстады.

Жедел ақпаратқа сәйкес, күдікті танысымен алдын ала сөз байласып, пайда табу мақсатында №075 және №086 үлгідегі медициналық анықтамалар мен санитарлық кітапшаларды заңсыз рәсімдеп, сатып келген.

Полиция мәліметінше, мұндай құжаттар үшін олар 5 000–10 000 теңге аралығында ақша алып отырған. Қазіргі таңда жалған анықтама сатып алған 40 азамат анықталған.

Тінту барысында күдіктінің кабинетінен:

  • «Дерматолог»

  • «Лаборатория»

  • «Жарамады / Годен»

  • «Реакция микропреципитации экспресс әдісімен»

  • «Анықтамалар үшін»

деген жазулары бар жалған мөрлер табылып, тәркіленген.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Қолөнерші отбасы дауыс берді

bairakkz

«Семей орманындағы» өртке кінәлі деп танылғандар сотталды

bairakkz

Қазақстанда қыркүйектің соңында үсік күтіледі

bairakkz