Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

«МашАлла»: Баян Алагөзова діни тіркестерді араластырып сөйлейтіндерге шүйлікті

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Танымал продюсер Баян Алагөзова қазақ тілінің тазалығы мәселесіне қатысты өз ойын айтты.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында кейінгі уақытта күнделікті сөйлеу тілінде «МашАлла», «Әлхамдулиллаһ» секілді діни тіркестердің жиі қолданылып кеткеніне назар аударды. Оның пікірінше, қазақ тілі ондай сөздерсіз де толыққанды әрі бай тіл болып қала береді.

Бұрын біз “МашАлла”, “Әлхамдулиллаһ” деген сөздерсіз қалай өмір сүрдік? Қазақ тілі бай әрі өзін-өзі толық қамтитын тіл ғой, мұндай сөздерсіз де болады емес пе?..

Продюсердің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі көзқарас туғызып, тіл тазалығы мен діни сөздердің қолданысы төңірегінде пікірталасқа себеп болды.

Сәйкес жаңалықтар

Жай ғана қарап отыратын мезет емес

bairakkz

Фируза Шарипова жұдырықтасады

bairakkz

Дженнифер Лопес Алматыға да концерт қоймақшы

bairakkz