Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Сәкен Майғазиевтің жары екінші әйел алу туралы пікір білдірді

әлеуметтік желі

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева күйеуінің екінші әйел алуына қатысты көзқарасын ашық айтып, көпшілік назарын аударды.

Ол «Сәкен ағаның екінші әйел алуына қалай қарайсыз?» деген сұраққа жауап беріп, бұл мәселені тағдырмен байланыстырды.

«Жақсы сұрақ екен. Қуанып қалдым. Бұл негізі адамның пешенесіне жазылған нәрсе деп ойлаймын. Үлкендер де солай айтып жатады ғой. Алла жазса, әйел адам қаласа да, қаламаса да маңдайына жазылғанын көреді. Ағаң да алып бермей алмайды ғой», – деді Динара Майғазиева.

Сонымен қатар, ол Сәкен Майғазиевтің әлеуметтік желілерде жиі смайлик қолдануының себебін де түсіндірді. Айтуынша, бұл – әншінің еліне деген сүйіспеншілігі мен ақ ниетінің белгісі.

Желі қолданушылары бұл жауапқа әртүрлі пікір білдірді. Бірі отбасының жарасымдылығын атап өтсе, енді бірі мұндай тақырыптағы сұрақтың өзін орынсыз деп санады. Кейбір оқырмандар адамның тағдыры емес, өз таңдауы маңызды екенін де алға тартты.

Сәйкес жаңалықтар

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатынан 179 адам қаза тапты

bairakkz

БАЯҒЫ ЖАРТАС, СОЛ ЖАРТАС

bairakkz

«Қайрат» — Қазақстан чемпионы атанды

bairakkz