Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметЖаңалықтар

Біреуге ұнау үшін жүрген жоқпын — Маңғыстау облысының әкімі

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай желіде, БАҚ беттерінде өзі туралы жарық көрген ақпараттарды мүлдем оқымайтынын айтты, деп хабарлайды bairak.kz KAZ.NUR.KZ тілшісіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайға журналистердің бірі әлеуметтік желіде ол туралы жағымсыз пікірлердің көп екенін айтып, тіпті бір оқырманның «0» деген баға беремін» деген пікірін мысал ретінде келтіріп, осы тектес сындарға көзқарасын сұрады.

Біреуге ұнау үшін жұмыс істеп жүрген жоқпын. Алдыға қойған мақсаттарымыз бен бағдарламамыз бар. Біреуге ұнармын, біреуге ұнамаспын. Мен өзім туралы желіде немесе БАҚ-та жазылған нәрселерді мүлдем қарамаймын. Жазса, жаза берсін- деп жауап берді Нұрдәулет Қилыбай.

Сондай-ақ, Нұрдәулет Қилыбай қазіргі жалақысы бұрынғы мұнай компаниясында алған айлығынан аз екенін мәлім етті. Ол өзін «ӨзенМұнайГаз» компаниясын бір жарым жыл басқарғанын, айлығы жаман емес болғанын айтты.

Сәйкес жаңалықтар

Әлия Назарбаева үшінші күйеуімен де ажырасты

bairakkz

Мемлекет басшысы туризм және спорт министрін қабылдады

bairakkz

Жан Кособуцкий кәсіпқой рингте алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Ришат