Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті, деп хабарлайды bairak.kz.

Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.

Сондай-ақ өзіңізге қажетті облыс, қала, аудан және ауылдың (барлығы 6000 елді мекен) ораза және намаз кестесін жоғары сапада pdf форматта muftyat.kz сайтынан мына сілтеме бойынша жүктеп алуға болады.

Фото: gov.kz

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай контейнерлік хаб құрылысын бастады

bairakkz

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионы болды

bairakkz

БАСТАЛМАЙ ЖАТЫП СҮРІНДІК

bairakkz