Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

«ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ»: 19 ЖАСАР ХОЛАНД ДУБЛЬ ЖАСАДЫ

                   Төрткүл әлем көз тіккен чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы екі ойыны мәресіне жетті. «Атлетико Мадрид» өз алаңында «Ливерпульдан» айласын асырып кетті. Ал «Баруссия Д» «ПСЖ» командасынан басым түсті.

«Атлетико Мадрид» – «Ливерпуль» 1:0

Испанияда өткен ойында алаң иелері салған жерден шабуылға шықты. Сөйтіп ойынның небәрі 4 минутында Сауль Ньигес есеп ашты. Бір гол соққан соң испандық команда қорғаныс шебінен аттап баспай өз алаңында жамбастап жатып алды. Тек қарымта шабуылдарға иек артты.  Ал «Ливерпуль командасынан» жанкүйерлер ерлік күтті. Бірақ, қанша шабуылдаса да ойындары жүрмеді. Тіпті, қақпаға дәл соққы да жасай алмады. Осылайша жеңіліске ұшырады.

«Барусия.Д» –  «ПСЖ» 2:1

Бұл кездесу тартысқа толы болды. Әсіресе, ойынның екінші бөлігі. «Барусияның» 19 жасар ойыншысы Эрлинг Холанд ойынның 69 минутында гол соғып, мергендігімен танылды. Сырт алаңында гол жіберген «ПСЖ» командасы жылдам шабуылға көшіп, Неймар соққан голмен есепті теңестірді. Бірақ, араға 4 минут салып Холанд командасына жеңіс сыйлады.

Сәйкес жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ — МИХАЛ БИЛЕК

bairakkz

ДӘРІГЕРЛЕР ЖАРЫСТЫ

bairakkz

Талдықорған қаласында алғашқылардың бірі болып түйешілер дауыс берді

bairakkz

Пікір жазу