Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Трендтегі “Шайн мускат“ жүзіміне қатысты тексеріс нәтижесі белгілі болды

Ауыл шаруашылығы министрлігі желіде трендке айналған «Шайн мускат» жүзімінде ағзаға зиянды зиянкес табылмағанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді.

Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш.

Естеріңізге сала кетейік, өсімдіктер карантинінің негізгі мақсаттары:

Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндік объектілердің карантиндік аймағынан кіруден немесе дербес енуден қорғау;
карантиндік объектілерді анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне енуіне жол бермеу;
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.

Сәйкес жаңалықтар

ҚОРЖЫНДА — ТӨРТ КҮМІС, ТӨРТ ҚОЛА

bairakkz

Міне, осынау жауапты кезеңге келіп жеттік.

bairakkz

«Әйелдің алдында мен мықтымын» деген бос әңгіме – Тоқтар Серіков

bairakkz